Павлодарда екі көлік соқтығысып, жекеменшік үйдің қақпасына барып соғылды
Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда 12 шілде күні Аймауытов пен Елгін көшелерінің қиылысында Renault Stepway және Lexus автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алайда екі көлікке де механикалық зақым келген.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнематериалдарда соқтығысқан көліктер жекеменшік тұрғын үйдің қақпасына барып соғылғаны көрінеді.
– Жол қозғалысы ережелерін бұзып, көлік құралдарының зақымдануына жол бергені үшін Renault Stepway жүргізушісіне қатысты әкімшілік материал рәсімделді, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және әсіресе қиылыстардан өту кезінде барынша мұқият болуға шақырады. Мамандардың айтуынша, қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау жол-көлік оқиғаларының алдын алып, барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.