Павлодарда экологиялық балабақша қалай пайда болды?
№3 бөбекжай-балабақшасы мектепке дейінгі эко орталық болып табылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Экологиялық балабақшаның меңгерушісі Галина Лебедева мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тұжырымдаманың қалай жүзеге асырылып жатқандығы жайлы айтып берді.
- Бүгінде кішкентай баланы заманауи технологиялармен таң қалдыру қиын. Осыған байланысты балаларға жаңа нәрселерді үйренуге, өздерін ғалымдар, зерттеушілер, актерлер, спортшылар және басқалар ретінде сынап көруге мүмкіндік береміз. Бірнеше жыл бұрын экологиялық балабақша құру туралы идея пайда болды. Бала күнімнен табиғатты жақсы көретінмін және өзге балалар да табиғатты аялап, қорғаса екен деп ойлайтынмын. Балабақша басшысы болған күннен бастап, бала күнгі ойды жүзеге асыруды қолға алдым. Балабақшаны экологиялық бағытқа айналдыруды бастадым.
Балабақша 1969 жылы салынған, 240 орындық типтік ғимаратта орналасқан. Материалдық-техникалық базасы білім мен тәрбиенің қазіргі деңгейіне сәйкес келеді. Қазіргі уақытта балабақшаға 1 жастан 5 жасқа дейінгі 288 бала тәрбиеленуде. Экоорталықтың пәндік-кеңістіктік ортасы құрылды. 2020 жылы балабақшаға «Мектепке дейінгі экоорталық» мәртебесі берілді.
Балабақшадағы экологиялық-дамыту ортасы көпфункционалды, мазмұны бай және қолжетімді. Бұлар балаға шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, танымдық, эстетикалық және коммуникативті қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Топтар әртүрлі ойын жабдықтарымен, дидактикалық материалдармен жабдықталған.
- Балабақша - бұл жай ғана білім беру ұйымы емес, балалардың ойлауын жан-жақты дамытуға арналған орын деп айтуға болады. Сонымен қатар, балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін түрлі іс-шаралар өткізіледі. Мектепке дейінгі экоорталық балалардың ата-аналарымен өзара әрекеттесу орны болып табылады. Ересектермен ынтымақтастық әр балаға сараланған тәсілді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Балалар мен ата-аналар шығармашылық және спорттық байқауларға қатысуға әрдайым ынталы. Қатысушылар саны жылдан-жылға артып келеді, - дейді Галина Лебедева.
Әр топта экологиялық бұрыштар мен портативті зертханалар бар. В. В. технологиясы бойынша дамушы сенсорлық орта құрылған. Воскобовичтің «Сөйлейтін қабырға» технологиясымен аясында бала қажетті ақпаратты ала отырып, өз қызметін жоспарлауға және ақпараттық ресурсты сындарлы пайдалана алады.
Экологиялық білім беру үшін бақта экологиялық бұрыштар жасалған. Табиғатқа қатысты мәдениетті қалыптастыру мақсатында баспалдақ алаңдарында жылдың төрт мезгілі рәсімделді. Демалыс қабырғаларының бірі экологиялық күндер күнтізбесімен безендірілген. «Өсімдікті балабақшаға сыйла», «Қауырсынды достарға көмектесейік», «Кірпіні құтқар - батареяны дұрыс таста», «Құс үйін жаса - құсты тамақтандыр» және «Көліксіз күн», «Велошеру» спорттық іс-шаралары өткізіледі. Ата-аналармен бірлескен «Эко-патруль», «Ағашты бірге сақтайық» акциялары ұйымдастырылады.
- Біздің балабақшада тәрбиеленетін балалардың табиғатқа аса мұқият, экологиялық санасы, ойлауы дамығанын көреміз. Мұның бәрі қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді, - деп атап өтті Галина Лебедева
Дамушы пәндік-кеңістіктік орта балабақша аумағында әртүрлі табиғи нысандар арқылы білім беру маршруттары бойынша жалғасады: экологиялық соқпақ, эстетикалық аймақ, денсаулық жолы, көкөніс, дәріхана бақшалары, «Дала бұрышы» және жарқын гүлзарлар. Балабақшада спорттық-сауықтыру аймағы, «Бағдаршам» танымдық алаңы, «Орман мектебі» экологиялық-зерттеу аймағы, «Құс асханасы», «Жайлау» экологиялық-өлкетану аймағы бар. «Экотеатр» алаңында драматизация ойындары, ойын-спектакльдер, театрландырылған ойындар өткізіледі. Сондай-ақ бақтың аумағында метеорологиялық алаң да бар.