Павлодарда бүлдіршіндер олимпиадасының қорытындысы шығарылды

Павлодарда  бүлдіршіндер  олимпиадасының қорытындысы  шығарылды
Фото: «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы

Байқауға өңірдің 97 ұйымынан 122 тәрбиеленуші қатысты, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

№ 35 жалпы орта білім беру мектебінде мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы орта білім беру мектептерінің мектепалды топтарының (сыныптарының) тәрбиеленушілеріне  арналған «Жауқазын»  облыстық  олимпиадасы өткізілді.    

– Шараның мақсаты – мектеп жасына дейінгі дарынды және талантты балаларды айқындау, қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру және жоғары деңгейдегі интеллектуалдық жарыстарға дайындау, – дейді «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында. 

Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломға – 14, II дәрежелі дипломға  – 20, III дәрежелі дипломға 27 тәрбиеленуші ие болды. Сондай-ақ «Алғыр балауса», «Ойшыл балдырған», «Зерек бүлдіршін» атты арнайы номинациялары  61 қатысушыға табысталды.