Павлодарда ауылшаруашылық жәрмеңкеде бал мен жұмыртқа сатады

Павлодарда ауылшаруашылық жәрмеңкеде бал мен жұмыртқа сатады
Фото: Константин Шелков

Жәрмеңкеде үш ауданнан өнімдер әкелінеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, 26 тамыз күні Торговая көшесі, 2А құрылысы мекенжайында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. 

– Жәрмеңкеде көкөністер, жұмыртқа, бал, сүт өнімдері және тағы басқа өнімдер ұсынылады. Аққулы, Тереңкөл, Успен аудандары және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады, – делінген хабарламада. 

Тауық жұмыртқасын жергілікті құс фабрикалары «Павлодар Құс» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС қамтамасыз етеді.

Айта  кетейік, күнделікті негізде фермерлер нарығында етті нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сату жалғасуда. Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының («Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл базары», сондай-ақ облыстың 10 ауылдық аудандарында ұйымдастырылады.)