Павлодарда ел тарихы мен бүгінгі күн үндестігі талқыланады

Павлодарда ел тарихы мен бүгінгі күн үндестігі талқыланады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Ertis» музейінде Республика күніне арналған дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Республика күні: тарихи маңызы және заманауи сын-қатерлер» тақырыбындағы іс-шараның мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын зерделеу, Республика күнінің қазіргі қоғамдағы маңызын айқындау және жастар арасында азаматтық пен патриоттық құндылықтарды нығайту.

– Бұл мереке Қазақстанның ғасырлар бойғы жолын, оның жетістіктері мен қазіргі әлемдегі рөлін еске салады. Дөңгелек үстелде көтерілген тақырыптар қатысушыларға мемлекеттік егемендік туралы декларацияның тарихи маңыздылығын, сондай-ақ одан әрі даму жолында қоғам мен мемлекет алдында тұрған заманауи сын-қатерлерді талқылауға мүмкіндік береді, – дейді ұйымдастырушылар. 

23 қазанға жоспарланға іс-шара ел тарихына деген қызығушылықты дамытуға және жастар арасында азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған.

Жиынға тарихшылар, саясаттанушылар және коммуникациялар департаментінің өкілдері қатысады.