Павлодарда елордалық жас ақынның поэзия кеші өтеді

Павлодарда елордалық жас ақынның поэзия кеші өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кездесу С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шаһарда астаналық жас ақын Ахат Имашевтың алғашқы жыр жинағының тұсаукесері өтеді. Оның шығармалары нәзік сезім мен терең ойға толы өлеңдері арқылы қазақстандық және шетелдік оқырмандардың назарын аударып үлгерген.

Жинақ ағымдағы жылдың 21 тамызында жарық көріп, алғаш рет елордада таныстырылды. Енді туынды павлодарлық оқырмандарға жол тартпақ.

– Кеш барысында автор өз шығармашылық жолы туралы сыр бөлісіп, таңдаулы өлеңдерін оқып, оқырмандардың сұрақтарына жауап береді. Тұсаукесер қазіргі қазақ поэзиясының жаңа толқыны мен жас қаламгерлердің шығармашылығына қызығушылық танытқан оқырмандар үшін ерекше мәдени оқиға болмақ, – деді кітапхана қызметкерлері.

Айта кетейік, Ахат Имашев – Францияның Тулуза университетінде шығармашылық жазу мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған жас ақын. Оның өлеңдері «Простор» және «Литера Обскура» журналдарында жарияланды.

Іс-шара 15 қарашада сағат 17:00-де өтеді.