Павлодарда еріктілер кішкентай бүлдіршіндерге тәттілер жинауда

Павлодарда еріктілер кішкентай бүлдіршіндерге тәттілер жинауда
Фото:pixabay.com/congerdesign

Акцияға әркім қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«VITA» еріктілері аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына, сондай-ақ психоневрологиялық орталықтардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтар үшін тәттілер жинауға кірісті.

– Балалардың әрқайсысы ғажайыпты күтеді және біз оны бірге сыйлаймыз. Егер сіз қатысқыңыз келсе, кез келген тәттілерді жеке қаптамада әкеле аласыз. Әр кәмпит – бұл біреудің шынайы балалық шағына қосқан үлесі, – дейді еріктілер.

Еріктілер жауап бергендердің барлығына алдын ала алғыс айтады және жақсылықтың екі есе оралуын қалайды.

Тәттілер Ломов көшесі, 38 мекенжайындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығында қабылданады. Барлық сұрақтарды мына нөмірлер бойынша қоюға болады: Катерина +7 747 615 55 63 және Светлана +7 777 334 82 01.