Павлодарда есірткі тасымалдаушы ұсталды

Павлодарда есірткі тасымалдаушы ұсталды
Фото: Константин Шелков

Ол есірткі затын сатуға келген алматылық екені анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Павлодар қаласында жедел қызметкерлер тыйым салынған заттарды таратумен айналысу үшін келген Алматы қаласының тұрғынын ұстады.

– Күдікті интернет-дүкенде есірткі тасымалдаушысы рөлін атқарғанын, есірткі заттарын жасырын «қоймаларға тығу» -  арқылы таратуды жоспарлағанын түсіндірді. Тінту барысында жүргізілген сараптамаға сәйкес синтетикалық есірткі заттары болып табылатын орамалар тәркіленді. Сондай-ақ күдіктіден зип-пакеттер, электронды таразылар және қаптауға арналған құралдар алынды, – дейді облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Арсен Айғазин. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауда, қылмысқа қатысы бар өзге тұлғалар анықталуда.