Павлодарда грузин этномәдени бірлестігіне он жыл толады

Павлодарда грузин этномәдени бірлестігіне он жыл толады
Фото:

Аталған орталық 2013 жылы құрылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бірлестікті ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Павлодар облысының «Отан Ана» қоғамдық қолдау және таланттар қорының президенті, «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің ұстазы Яна Касьян басқарады. 

– Орталық жастары ҚХА-ның барлық іс-шараларына, Балаларды қорғау күні, «Мектепке жол» қайырымдылық акцияларына белсенді  қатысады. Жастар қанатының көшбасшысы – Ангела Аветисян, – дейді Яна Касьян.

Республика күні музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатында өткен кездесуде Яна Касьян балаларды грузин этномәдени орталығының жұмысымен таныстырып, грузин халқының  мәдениеті, сал-дәстүрі  жайлы толық ақпарат берді.  Балалар грузин халқының мәдени мұраларымен бірге, Қазақстанның бірегей музыкасы, билері мен халықтық әдет-ғұрыптары туралы көбірек білді.

Яна Касьян көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталған: ҚР Конституциясының  25 жылдығы, ҚР  Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының төсбелгілерінің иегері. 

«Достық үйінің» ғимаратында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, 24 этномәдени бірлестіктің кеңселері, ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі, облыстық «Қазақ тілі» қоғамы және Павлодар облысы ҚХА жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі, Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі, мәжіліс залдары, репетициялық, компьютерлік және оқу сыныптары, медиа-орталық, кітапхана, мұражай орналасқан.

Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-де 46 клубтық құрылым жұмыс істейді. Оның ішінде 26 вокалдық, бір театрлық, 19 би ұжымы бар. Бес ұжым «Халық көркемөнерпаздар ұжымы» атағына ие: «Ертіс казактары» казак халық ансамблі, «Воля» казак халық ансамблі, Беларусь ЭМО «Надзея» вокалдық ансамблі, «Мирас» татар-башқұрт ЭМО, «WIR» неміс ЭМО вокалдық ансамблі.