Павлодарда инсульт алған тұрғын МӘМС есебінен тегін ота жасатты

Павлодарда  инсульт алған тұрғын МӘМС есебінен тегін ота жасатты

Өңірде жыл сайын ұйқы және омыртқа артерияларының зақымдануы аурулары артуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

№1 қалалық аурухананың жоғары санатты дәрігері - тамырлы хирург Нұржан Асылхановтың айтуынша, жүрек-қан тамыры ауруларының басты себептердің бірі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмеуі, жағымсыз экологияның салдары. Әсіресе, соңғы жылдары инфаркт пен инсульттен өлім жиілеген.  

– BCS атеросклерозы (брахиоцефалиялық тамырлар), яғни инсульт жиілігі артып келеді. Біздің бөлімде жасалатын профилактикалық операциялардың бірі – түйіншектерді алып тастау, каротид артерияларын стенттеу. Жүрекке ота жергілікті анестезиямен жасалады, – дейді  Нұржан Асылханов. 

Дәрігердің сөзінше, каротид артерияларының патологиясымен әртүрлі симптомдар болады. Жалпы неврологиялық симптомдар – бас ауруы, эпизодтық бас айналу, естен тану, аяқ-қолдардың ұйып қалуы. Симптоматикалық курс кезінде көптеген науқастар дәрігердің ұсыныстарына назар аудармайды. Әдетте, мұндай науқастар үш-бес жыл ішінде жүрек ауруымен инсульт орталықтарына түседі. 

Қала тұрғыны Валентина Хамитоваға ұзақ уақыт бойы жүрек ауруы мазалаған соң операция жасалды. Сондай-ақ ол қан тамырлары аурулары бар екенін білген. Тек тамырлы хирургияның үш дәрігерімен кездескенде ғана толық тексеруден өткен. 

– Бұл ауруханада алғашқы күннен бастап жылы қабылдады, мейірімділік танытты, барлығын толық түсіндірді. Науқастардың барлығы дән риза. Өз басым екі рет көрген емхана меңгерушісінен бастап, барлық басқа дәрігерлерге өте ризамын. Егер мен тағы да емделетін болсам, ойланбастан осында келемін.  Бір тиын да төлемедім, тіпті төлем туралы әңгіме де болған жоқ. Барлығы тегін, – дейді ол.

Ақ желеңділер инсульт ауруының қаупін азайту үшін уақытында профилактикалық тексеруден өтуге кеңес береді. Әсіресе, 40 жастан кейін қажетті тұрақты скринингтер: холестерин деңгейі, қант деңгейі, қан қысымын тексеру керек.  Дұрыс тамақтану, өмір салты, қажетті дәрі-дәрмектерді қабылдау сияқты алдын алу шаралары өте маңызды.  

Айта кетейік, медициналық сақтандыру жүйесінде мойын тамырларын тексеруге тегін жолдама алуға болады. Тексерілу нәтижесінде сыни стеноздар анықталатын болса, МӘМС шеңберінде қатысатын пациенттер үшін қан тамырлары түйіншіктерін алып тастауға немесе стенттеуге жіберген кезде барлығы тегін жүргізіледі.

Наргиз Күбеш