Павлодарда кәмелетке толмаған үш қыз бала жол апатында зардап шекті

Павлодарда кәмелетке толмаған үш қыз бала жол апатында зардап шекті

«103» қызметінің медициналық бригадалары бір күнде алты ауыр жол апатына шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, барлық жағдайларда көмек жеті минут ішінде келді.

– 24 шілдеде болған апаттардың бірінде бірден үш бала зардап шекті. Күндіз сағат бестің шамасында Химқалашық шағын ауданында соңғы аялдама жанында жеңіл көлік пен автобус соқтығысқан. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына үш минутта жетті. 2016, 2017 және 2020 жылдары туған қыздар жабық миының жарақаты, шайқалуы деген алдын ала диагноздарымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, – деді станцияда. 

Басқа жағдайда Нұркин-Құдайбердиев көшелерінің қиылысында автокөлік жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті. Білегі көгерген 10 жасар бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

– Шақыртулар арасында жол-көлік оқиғаларына аса басымдылықпен назар беріледі, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ольга Вербовая. – Әрбір шұғыл шақыртуды мінсіз орындау үшін медицина қызметкерлері үнемі білімдерін жетілдіріп отырады. Жақында біздің қызметтің 100 қызметкері соңғы халықаралық стандарттар бойынша реанимациялық курстан өтті. Инфаркт пен инсульт жағдайларының өсуіне байланысты 200 дәрігер жедел коронарлық синдромдармен жұмыс істеу бойынша біліктілігін арттырды.

Ал қала сыртында Ақсу көпірінің алдында болған апатта жолаушылардың бірі сол жерде қайтыс болды. Қоңырау сағат 19:10-да келіп түсті. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына бес минутта жетті.  Дәрігерлер күйзеліске өткір реакциясы бар 38 жастағы ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.