Павлодарда кәсіпкерлермен құқықтық сауаттылық мәселесі талқыланады
Кездесуге кәсіпорындар мен жеке ұйымдар қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы өңірдегі бизнес өкілдері үшін бірыңғай есеп беру күнін өткізеді. Кездесу 28 қыркүйек күні сағат 11:00-де өтеді.
Қатысушылар талаптардың бұзушылықтары, мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелерін көтереді. Ұйымдастырушылар кәсіпкерлік қызметті қауіпсіз жүргізу үшін құқықтық сауаттылықты арттыруға ерекше көңіл бөледі.
Кездесу Луговая көшесі, 16 мекенжайындағы Инвесторлар үйінде өтеді.
Толық ақпаратты 32-33-21, 32-33-09 телефондары арқылы алуға болады.
Әсия Серікова