Павлодарда кадеттер интеллектуалдық ойын ойнады

Павлодарда кадеттер интеллектуалдық ойын ойнады
Фото: @crmi_pvl

«Brain Map» ойынында «Жас сарбаз» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының тәрбиеленушілері бақтарын сынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, іс-шараға қатысушылар өздерінің білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және берілген есептерді шешуде шығармашылық көзқарастарын көрсетті.

Ойын жастар үшін бейресми жағдайда өздерінің зияткерлік қабілеттерін тексеруге, сондай-ақ олардың ой-өрісін кеңейтуге және пайдалы тәжірибе алуға тамаша мүмкіндік болды.

Ойын соңында ұйымдастырушылар жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етті.