Сейсенбі Павлодар облысында күндіз тұман түсіп, түнде үсік жүреді

Қазгидромет 2 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
- ҚР бойынша желдің күшеюі күтілуде, республиканың солтүстігінде және шығысында – тұман күтіледі. Түнде Павлодар облысында 1-6 градус үсік сақталады, - деді Қазгидрометте.
Облыста ауа температурасы күндіз +9 +11 °C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с болмақ.
Фото: Константин Шелков