Павлодарда кизомба, сальса және бачата әуесқойлары бас қосады
Қала тұрғындары бұдан бөлек, тамаша концертті тамашалауға мүмкірдік алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәлімдеуінше, 1 қыркүйек күні сағат 20:00-де "Ertis Promenade" сахнасында Ақтоғай ауданының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.
Ал 2 қыркүйекте сағат 9:00-ден 10:00-ге дейін "Top star" фитнес-клубы тегін қоғамдық жаттығуын ұйымдастырып, павлодарлықтарға тамаша күш-қуат сыйлайды. Бұдан бөлек, ертең кешке төменгі жағалаудағы басты сахнада "Hudson lounge bar" би кеші өтеді. Ол 20:00-де басталады.
3 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 10:00-ге дейін павлодарлықтар үшін таңғы жаттығуды Lady Stretch студиясының тәлімгерлері өткізеді. Сонымен қатар, сағат 19:00-ден бастап "Ertis Promenade" - де El Paso би мектебі кизомба, сальса және бачата әуесқойларымен бірге керемет би өрнегін көрсетпек.