Павлодарда коммуналдық мәселелер талқыланады

Павлодарда коммуналдық мәселелер талқыланады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қабылдау Zoom платформасы арқылы өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, қабылдау тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелеріне арналған. Бұл іс-шараға табиғи монополия субъектілерінің өкілдері де қатысады.

– Қоғамдық қабылдауда әрбір тілек білдіруші коммуналдық саланың проблемалық мәселелерін шешу жолдары мен түсіндірмелерін ала алады. Іс-шара 7 қазанда сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін онлайн форматта Zoom платформасында өтеді. Қосылу үшін мына сілтемені пайдалануға болады: https://us05web.zoom.us/j/84611421585?pwd=PVmz8vTbFs3IizladsSD5FrLwkKqDa.1 Жиынға қосылу үшін идентификатор: 846 1142 158, қатысу коды: 2jM3sB, – делінген хабарламада.

Департамент өңір тұрғындарын және басқа да мүдделі тұлғаларды бұл мүмкіндікті пайдаланып, белсенді қатысуға шақырады. Толығырақ ақпаратты 8 (7182) 615988 телефоны арқылы алуға болады.