Павлодарда кредитор азаматты банкрот деп тану шешімімен келіспеді
Ол салық органына бір ғана кредитордың бар екендігі туралы хабарлаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны екі банкке несие бойынша міндеттемесін орындамаған.
– Борышкер бір банктің пайдасына өз міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындады. Екінші несие бойынша қарыз қайтарылмады. Осыған қарамастан салық органы оны банкрот деп жариялады, – дейді баспасөз орталығында.
Бұл шешіммен келіспеген екінші несие беруші сотқа жүгінді.
Сот шешімімен талаптар қанағаттандырылды, салық органының борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі заңсыз деп танылды.
Талап арызды қанағаттандыру кезінде сот мынаны негізге алды:
- борышкер банкроттыққа жатпайды, себебі ол соңғы 12 айда бір кредиторға ай сайынғы несие төлемдерін жүргізді;
- борышкер салық қызметінен басқа несие берушінің бар екенін жасырған;
- салық қызметі борышкердің өз міндеттемелерін бес жылдан астам орындамағанын тексермеген.
Сот актісі заңды күшіне енді.