Павлодарда кәсіпкерлер үшін заңды сауда жасауға болатын жерлер бекітілді

Павлодарда кәсіпкерлер үшін заңды сауда жасауға болатын жерлер бекітілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұған дейін нақты орындар белгіленбеген еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Павлодар қаласы әкімдігінің ұсынысы бойынша кәсіпкерлер үшін азық-түлік және азық-түлік емес тауарлармен сауда жасау құқығын бере отырып, сауда объектілерінің орналасқан жері мен маршруттары бекітілді.

Бұған дейін Павлодар қаласында нақты орналасқан жері мен маршрут сызбасы көрсетілмеген сауда үшін 26 орын анықталған болатын. Бұл сонымен қатар рұқсат етілмеген сауда нүктелеріне ықпал етті.

Айта кету керек, бұл деректердің болмауы жергілікті атқарушы органдарға өз қалауы бойынша белгілі бір бизнес субъектілері үшін сауда орындарын анықтауға мүмкіндік беретін, ал бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелуі мүмкін.

Енді жазғы уақыт кезеңінің басталуымен олар белгілі бір жерлерде сауда шатырларын,жәрмеңкелерді, жалға беру пункттерін және аттракциондарды заңды және кедергісіз ұйымдастыруға мүмкіндік алады.

Екібастұз қаласында да осындай жұмыстар атқарылды.