Павлодарда кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексі түсіндіріледі

Павлодарда кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексі түсіндіріледі
Фото: gov.kz

Өңір кәсіпкерлеріне салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер бойынша семинар өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 наурыз күні сағат 15:00-де кәсіпкерлерге арналған семинар-кеңес ұйымдастырылады. Кездесуге Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысады.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер түсіндіріліп, кәсіпкерлердің тәжірибеде туындайтын сұрақтары талқыланады.

Кездесуге қатысушылар жаңа нормаларды қолдану тәртібі туралы толық ақпарат алып, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.

Семинар Луговая көшесі, 16, 316 кабинет мекенжайында өтеді. Сонымен қатар қатысушылар үшін онлайн форматта қосылу мүмкіндігі де қарастырылған.