Павлодарда міндеттерін орындамаған ата-ана айыппұл арқалады

Павлодарда міндеттерін орындамаған ата-ана айыппұл арқалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол кәмелетке толмаған қызына қол жұмсаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру, олардың құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. 

– Іс материалдары бойынша К. 27 шілде күні кәмелетке толмаған қызының басынан ұрғаны анықталды. Жазбаша түсініктемелерінде қызымен араларында жанжал болғанын растап, қызына ақшасы аз екенін, әжесімен дөрекі қарым-қатынаста болғанын айтып, теріс қылығы үшін басынан ұрған, – дейді баспасөз орталығында.

К.-ның асырауында 2017 жылы туған кәмелетке толмаған қызы бар, оны тәрбиелеу және оқыту міндеттерін орындамай, оған қол сұғушылық танытады.

Құқық бұзушылықты жасаудағы кінәсін толық мойындап, айыппұлды азайтуды сұрады.

– Сот іс материалдарын жан-жақты зерттей келе, К.-ны ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлімінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған әкімшілік айыппұл түріндегі 25 844 теңге сомасындағы әкімшілік жазаны тағайындады, – делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.