Павлодарда мереке күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
16 желтоқсан, сейсенбі күні, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар демалады. Сәрсенбі күні орталықтар қалыпты жұмыс режиміне көшеді.
Еске сала кетейік, қалыпты режимде ХҚКО-лар мен мамандандырылған орталықтар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-18:00 аралығында қызмет көрсетеді. Ал кезекші орталықтар жұмыс күндері – 09:00-20:00, сенбі күні – 09:00-13:00 дейін жұмыс істейді.
Сондай-ақ кезекші мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер жұмыс күндері 09:00-18:00 аралығында қабылданады. Дайын құжаттар кешкі сегізге дейін беріледі.