Жұма күні Павлодар облысында боран болады

Жұма күні Павлодар облысында боран болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

9 ақпан күні қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, боран соғып, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15-20, екпіні  секундына 23-28, облыстың оңтүстігінде, шығысында кейде 30 метрді  құрайды.

Түнде ауа температурасы 3-8, күндіз 0-5 градус көрсетеді.

Павлодар қаласында күн бұлттанып, боран соғады. Сынап бағанасы түнде 6-8, күндіз 2-4 градус көрсетеді.