Успен соты көші-қон заңын бұзған Тәжікстан азаматына жаза тағайындады

Успен соты көші-қон заңын бұзған Тәжікстан азаматына жаза тағайындады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол Қазақстан аумағынан кетуден жалтарған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аудандық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, Тәжікстан азаматы М. 2025 жылдың 12 наурызында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, елден шығару жазасы тағайындалған. Алайда ол бұл шешімді орындамаған.

2025 жылдың қыркүйегінде «Қосақ» өткізу пунктінде шекара қызметі азамат М.-ді қайта ұстады. Ол Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзып, он тәуліктен астам уақыт бойы елден шықпай жүрген.

Сот осы құқықбұзушылық үшін азамат М.-ге екі тәулікке қамақ жазасын тағайындап, оны Қазақстан аумағынан әкімшілік жолмен шығару туралы қаулы шығарды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.