Павлодарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету күшейтілді
Жыл басынан бері мамандар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мыңнан астам көшпелі мемлекеттік қызмет көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының мамандары өңір тұрғындарына 492 086 мемлекеттік қызмет көрсетті. Бұл ретте мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы қиын азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді, өйткені олар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі айрықша маңызға ие.
Ағымдағы жылдың 6 айында Павлодар облысында осы санаттағы тұрғындарға 300 мемлекеттік қызмет көрсетілді, сондай-ақ ХҚКО қызметкерлері қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін 634 рет азаматтардың үйіне барып қызмет көрсетті. Ал 2025 жылы мүгедектігі бар адамдарға 1 444 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, филиал мамандары 1 661 көшпелі қызмет көрсетуді жүзеге асырды.
— Көшпелі қызмет көрсету сервисі мемлекеттік қызметтерді ХҚКО бармай-ақ алуға мүмкіндік береді. Ол үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтінім қалдыру жеткілікті. Осыдан кейін Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мүмкіндігі шектеулі өтініш берушінің тұрғылықты жеріне барып, қажетті қызметті тегін көрсетеді. Павлодар тұрғындары көшпелі қызмет көрсету аясында көбіне электрондық цифрлық қолтаңбаны рәсімдеу, жеке куәлік алу, тұрғын үй көмегін және мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау қызметтеріне жүгінеді, - делінген хабарламада.
ХҚКО жеке келіп қызмет алуды қалайтын мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы қызмет көрсету шарттары қарастырылған. Олар басымдық тәртібімен қабылданады: электрондық кезек талонын алғаннан кейін жүйе оларды жалпы кезекте күттірмей-ақ автоматты түрде маманға бағыттайды. Соның нәтижесінде қызмет көрсету іс жүзінде бірден басталады. Павлодар облысындағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында кедергісіз орта қалыптастырылған: пандустар, қызметкерді шақыру батырмалары, арнайы жабдықталған санитариялық бөлмелер және қызмет алуға қолайлы аймақтар қарастырылған.
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруда цифрландырудың да маңызы зор. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 92% онлайн форматта қолжетімді, ал мемлекеттік ақпараттық жүйелер толық интеграцияланған. Бұл мемлекеттік мекемелерге жиі баруы қиын немесе мүмкін емес азаматтар үшін әсіресе маңызды.
Қызметті онлайн, басымдықпен қызмет көрсету немесе маманның үйге барып қызмет көрсетуі арқылы таңдауға мүмкіндік берілуі мемлекеттік қызметтердің Павлодар облысының әрбір тұрғыны үшін, денсаулық жағдайына немесе өмірлік ахуалына қарамастан, шын мәнінде қолжетімді болуына жағдай жасайды.