Павлодарда онлайн шахматтан республикалық жарыс өткізілді
Додаға еліміздің 17 облысы мен үш ірі қаласы – Астана, Алматы және Шымкент қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
U16 жас санатындағы классикалық шахматтан онлайн форматта өткен Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты ұйымдастырылды.
Жас шахматшылары бар барлық өңірдің белсенді қатысуы чемпионаттың жоғары деңгейін айқын көрсетті. Бірінші орын Павлодар облысы, екінші орынды Алматы қаласы, ал үшінші орынды Астана қаласының ойыншылары иеленді.
– Қазақстан шахмат федерациясына чемпионатты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны, жастарды қолдауы және шахмат инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіремін, – деді Қазақстан шахмат федерациясының өңірлік филиалының атқарушы директоры Арыстан Қапаев.
Оның сөзінше, командалар жоғары дайындық, тәртіп, бірлік және шынайы спорттық жігер танытты. Бұл — Қазақстандағы жасөспірімдер шахматының қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.