Павлодар тұрғындары жаман жолдар мен қараңғы көшелерге шағымданды
Қала әкімі тұрғындармен кездесіп, өтініштеріне жауап берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Хасар Хабылбеков өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, «Южный» саяжай шаруашылығының 14 годовщина көшесінің тұрғындары жолға асфальт төсеуді, көшені жарықтандыруды және қоқыс жәшіктерін орнатуды сұрады.
– Бюджетте қаражат қарастырылмағандықтан биыл асфальт төселмейтінін түсіндірдік. Әзірге жолға фрезерленген материал төсей тұратын болдық. Жарықтандыру жүйесін орнатамыз. Қызмет көрсетуші ұйыммен қоқыс жәшіктерін орнату мүмкіндігін талқылайтын боламыз, – деді ол.
Сондай-ақ, Нұркин көшесіндегі №33 үйдің ауласына апарар жол ретке келтіріледі.
Ак.Шөкин көшесі, 155/6-үйдің тұрғындарының айтуынша, жертөлені су баса беретін көрінеді. Қала әкімі тиісті мекемелерге бұл кемшілікті жоюды және кепілдік міндеттемелері аясында шатырды да ретке келтіруді тапсырды.
Тұрғындардың көптеген өтініші бойынша «Қазақтелеком» Ладожская көшесі, 27 мекенжайына ғаламтор желісін тарта бастады. Бұл аулаға балалар ойын алаңын келесі жылы жабдықтайды. «Достық» шағын ауданының тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жолаушы тасымалдаушылармен автобус маршруттарын шамалы өзгерту мәселесі шешілуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram