Павлодарда оқушыларды Наум Шафердің шығармашылығымен таныстырды

Павлодарда оқушыларды Наум Шафердің шығармашылығымен таныстырды
Фото: esim.pavlodarlibrary.kz

Олар композитордың күйтабақтарын тыңдап, дыбыс жазу тарихын зерттеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Наум Григорьевич (Нахман Гершевич) Шафер – Павлодар облысының Құрметті азаматы, Инновациялық Еуразия университетінің құрметті профессоры, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, композитор, музыкатанушы, әдебиеттанушы, күйтабақтардың сирек коллекциясын жинақтаушы.

Наум Шафердің музей-үйінің мәлімдеуінше, №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары мен «Тең мүмкіндіктер әлемі» АҚ спортшылары үшін «Звук. Музыка. Пластинка. Шафер» атты дәріс өткізілді.

Балалар әр күйтабақты ынта-жігермен зерттеп, дыбыс жазу тарихы мен Наум Шафердің шығармашылығына қызығушылық танытты. Ең ерекше қызығушылықты 1972 жылғы радиола тудырды, – делінген хабарламада.

Оқушылар Наум Шафердің өмір жолымен танысып, Андрей Корчевскийдің «Вечерний Вальс», «Где ты ходишь, недотрога?» және Майя Кристалинскаяның орындауындағы «Нежность» әндерін тыңдады.