Павлодарда рұқсат етілмеген орындарда сауда жасаған 50 сатушыға ескерту жасалды

Заң бұзғаны үшін тұлғалар 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Сауданы рұқсат етілмеген орындарда жүзеге асырудың алдын алу мақсатында қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары көшпелі сауда ережелерінің сақталуына байланысты профилактикалық іс-шаралар жүргізді.
– Белгіленбеген орындарда саудамен айналысатын тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 50-ден астам хабарлама табысталды, – деді бөлімде.
ҚР 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, жергілікті атқарушы орган белгілеген орындардан тыс жерлерде сауда жасағаны үшін ескерту немесе бес айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.
Осы құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.