Павлодарда Республика күні Мемлекеттік Туды көтеру рәсімінен басталды

Павлодарда Республика күні Мемлекеттік Туды көтеру рәсімінен басталды
Фото: Константин Шелков

Өңір жұртшылығы Мемлекеттік рәміздер алаңына жиналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мерекелік шараға облыс басшылығы, қоғам өкілдері, діни қауымдастық мүшелері, күштік құрылымдардың қызметкерлері мен ҚР Құрылтай депутаттары қатысты.

Салтанатты рәсім еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті білдіріп, Қазақстан тәуелсіздігінің маңызын тағы бір мәрте еске салды. Облыстық филармония хорының орындауында еліміздің Әнұраны шырқалды. 

Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметшілері мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің сап түзеуі. Сарбаздардың қатысуы бейбітшілікті, қоғамдық қауіпсіздікті және Қазақстан тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген демократиялық құндылықтарды қорғаудың маңызын көрсетті.

Республика күні – еліміздің тарихи жолын еске алып, мемлекеттік рәміздерге құрмет білдіретін, сондай-ақ әр азаматтың тәуелсіз Қазақстанның болашағы алдындағы жауапкершілігін сезінетін мереке.