Павлодарда республикалық байқаудың үздік өнертапқыштары анықталды

Павлодарда республикалық байқаудың үздік өнертапқыштары анықталды
Фото: Білім беру бөлімі

Конкурсқа барлығы 31 өтінім жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының базасында республикалық «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» байқауының облыстық кезеңі қашықттықан өткізілді. Аталмыш кезеңнің ережесі республикалық турдан келген ереже негізінде әзірленді. 

Өтінімдер 2 қыркүйектен бастап қабылданып, 3 қазанда аяқталды. 3 қазанға дейін қазылар алқасы konkurs_dv@bk.ru электронды поштасына жіберілген қатысушылардың жұмыстарын қарады. Конкурс ережелеріне сәйкес жеті номинация бойынша 27 жұмыс қабылданды. 

Байқау ережелерінің талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстар байқауға қатыстырылған жоқ (бос презентациялар, макеттері жоқ жұмыстар). 

Сондай-ақ, жарысқа Павлодар облысының барлық мектептері мен қосымша білім беру орталықтары белсенді қатысты: балалар техникалық мектебі, оқушылар сарайы, Екібастұз қаласы, Ақсу қаласы, Ертіс, Екібастұз, Май, Баянауыл, Успен, Железин аудандары және Павлодар қаласының мамандандырылған мектептері: №8 лицей, №3 гимназия және басқа мектептер. 

Қатысушылардың барлық жұмыстары мұқият қаралғаннан кейін жеңімпаздар анықталды.

Автокөлік үлгілерін жасау саласындағы техникалық жобалау бойынша дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушысы Егор Сероокий, өнеркәсіп саласындағы техникалық жобалау бойынша дарынды балаларға арналған №3 гимназия оқушысы Карина Иманғазина, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары саласындағы техникалық жобалау бойынша Мұса Мержуев, су көлігі саласындағы техникалық жобалау бойынша Даниил Батюхно, авиация саласындағы үлгілер бойынша Илья Ишимцев, ғарыш және аэроғарыштық техника саласындағы үлгілер бойынша Валерия Белоцкая, «Үздік рационализаторлық ұсыныс» жобасы бойынша дарынды балаларға арналған №3 гимназия оқушысы Сағындық Асанәлі бірінші орын иегері атанды.