Павлодарда республикалық кезеңге жолдама алған ұстаздар анықталды
Бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 13 мұғалімі бар. Олимпиада қорытындысы бойынша 12 павлодарлық мұғалім жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде бірінші орын – төртеу, екінші орын – үшеу, үшінші орын – екеу және үш ұстаз грамоталармен марапатталды.
I орынды № 33 ЖОМ мұғалімі Азиза Абенова, А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ ұстазы Евгения Дядченко, Әуезов атындағы ЖОМ ұстазы Лейла Шайхасанова, Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ Ирина Крутова иеленді.
Олимпиаданың облыстық кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпаздар облыс командасының құрамына кіреді және олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады.