Павлодарда ретроспективті көрме ашылды

Жергілікті суретшінің 100-ден аса кескіндемелік және графикалық туындылары назарға ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Галина Беспалованың бейнелеу өнер студиясының «Неслучайные штрихи» ретроспективті көрмесі ашылды.
Галина Беспалова – танымал павлодарлық суретші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, көптеген облыстық, республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы.
– Бұл көрмедегі әрбір туынды – жай ғана сурет емес, ол – бояулар мен пішіндер арқылы бейнеленген шабыт сәті. Бүгін бізде суретшінің және шәкіртерінің жұмыстарын көрумен қатар, олардың ішкі әлемімен танысу, әр туындының артында тұрған ойды түсіну және шабыттандырған нәрсені сезінуге мүмкіндік болды, – деді музейде.
Экспозицияда әр жылдары жасалған 100-ден астам кескіндемелік және графикалық шығармалар ұсынылды.