Павлодарда Рымтай Ізбастин мемориалы аяқталды

Павлодарда Рымтай Ізбастин мемориалы аяқталды
Фото: автор

Турнирге арнайы қонақ ретінде Шавкат Рахмонов, Садриддин Ахметов, Жәнібек Әлімханұлы және Айбек Нұғымаров қатысып, жас спортшыларға қолдау көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарда Ұлы Отан соғысының ардагері, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Рымтай Избастинді еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық қазақ күресі турнирі аяқталды. 15–17 мамыр аралығында «Баянтау» спорт сарайында өткен жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 350-ге жуық жас балуан қатысты.

Биылғы турнирде павлодарлық спортшылар сәтті өнер көрсетіп, бірнеше салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, Расул Шарапхан мен Санжар Амангельдинов чемпион атанды. Павлодарлықтардың басымдығы 50 келі салмақта әсіресе ерекше көрінді, жерлестеріміз барлық жүлделі орындарды иемденді. Сонымен қатар павлодарлық палуандар күміс және қола жүлделерді де көптеп иеленді.

Турнирге арнайы қонақ ретінде Шавкат Рахмонов, Садриддин Ахметов, Жәнібек Әлімханұлы және Айбек Нұғымаров қатысып, жас спортшыларға қолдау көрсетті.