Павлодарда салт-дәстүрлер фестивалі өтеді

Павлодарда салт-дәстүрлер фестивалі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

1-9-сынып оқушылары салт-дәстүр, әдет-ғұрып, көрініс көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық оқушылар сарайы баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 наурыз күні сағат 9:00-де «Дарынды балаларға арналған мектеп-интернат» кешенінде биылғы жылы тойланатын, мерейтой иелері мен Наурыз мейрамын атап өтуге арналған «Бабамнан қалған мұра» іс-шарасы жоспарлануда.

Әр сыныпта оқушылар тақырып бойынша ұлттық нақышта ауыл орналастырады: Жүсіпбек Аймауытов ауылы, Сәкен Сейфуллин ауылы, Қаныш Сәтбаев ауылы, Шәкен Айманов ауылы, Әбілхан Қастеев ауылы, Бердібек Соқпақбаев ауылы, Қанаш Қамзин ауылы, Әлкей Марғұлан ауылы, Ілияс Жансүгіров ауылы, Шоң би Едігеұлы ауылы, Тұрар Рысқұлов ауылы, Андрей Елгин ауылы, Рақымжан Қошқарбаев ауылы, Дмитрий Багаев ауылы, Әбілқайыр Баймолдин ауылы, Шорман би  ауылы, Қазақтың салт- дәстүр ауылы және Ұлттық спорт ауылы.

Байланыс телефоны: +7(701)418-39-21.