Павлодарда сапалы рабица торы мен метизге сұраныс артып келеді

Павлодарда сапалы рабица торы мен метизге сұраныс артып келеді
Фото: Константин Шелков

Шикізатты Ресейден сатып алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аймақта рабица торы және метиз өнімдерін өндіретін «АльфаСетка» компаниясы –  жетекші кәсіпорындардың бірі. Бүгінде бизнес алыс-жақын шетелдер мен өзге қалаларды сапалы өнімдермен қамтамасыз етуде.

– Ең бастысы-жауапкершілікті өз мойнына алудан қорықпау және жұмыс істеуді жоспарлап отырған нарықты мұқият зерделеу. Сіздің тауарыңызды табу және клиенттерге шынымен қажет нәрсені ұсыну өте маңызды. Сондай-ақ «Даму» сияқты мемлекеттік бағдарламалар мен қорлардан қолдау сұраудан тартынбауды ұсынамын, – деді «АльфаСетка» компаниясының директоры Игорь Ефремов.

Мекеменің негізі үш жыл бұрын қаланды. Басында өнім саны шектеулі форматында өндіріп отырды. Кейін 2023 жылы кәсіпкер айналымдағы қаражатты толықтыру мақсатында «Даму» қоры арқылы алты пайыздық субсидия алды.

– Ағымдағы жылы біз «Өрлеу» бағдарламасы аясында 520 миллион теңге көлемінде несие алдық. Қаражат арқылы біз техникалық базаны жаңартып, мекеменің одан әрі өсуіне жұмсадық, – деді кәсіпорын басшысы.

Компания мемлекеттік стандарттар бойынша 2х3 метрлік торлармен қатар, клиенттердің ерекше талаптарына сай 1х3 метр, 1,5х2 метрлік жолақтар әзірлейді. Кәсіпорын басшысының сөзінше, мұндай икемділік клиенттің нақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Өндіріс қуаттылығы айына 40-70 мың шаршы метрге дейінгі өнім шығарады. Бұл өңірдегі ең ірі көлемдердің бірі. Болттар мен гайкалар ұзақ мерзім қызмет ету үшін арнайы термодиффузионды мырыштау технологиясы қолданылады.

–  Қарапайым жағдайда болттар ашық ауада тез тоттанады. Бұрандама мен сомындар алдымен жуу машинасына түседі, онда арнайы химиялық затпен майлығын кетіреміз. Бұл қадамсыз мырыштау сапалы болмайды. Содан кейін заттар арнайы ыдысқа салынып, 470 градусқа дейін қыздырылады. Бұл жерде цинк металға біркелкі еніп, жоғары сапалы жабынды пайда болады. Процесс соңында өнім арнайы ретортада салқындайды, содан кейін ғана шығарылады. Бұл әдіс өнімнің қызмет мерзімін бес есе ұзартады, — дейді компания басшысының орынбасары Игорь Ефремов.

Бұл технология энергетикалық жүйелерде, жоғары вольтты желілерде, зауыттарда және агрессивті ортада жұмыс істейтін шахталарда кеңінен қолданылады.

Өндірісте қолданылатын материалдар Ресейден жеткізіледі.

–  Қазақстанда мұндай көлемде және деңгейде метиз өндіретін ірі зауыт жоқ. Үлкен құрал-жабдық пен инвестиция қажет. Сондықтан біз сапалы және сенімді өнімді Ресейден аламыз, –  дейді олар.

«АльфаСетка» компаниясы мемлекеттік бағдарламалар мен инновациялық технологияларды тиімді пайдалана отырып, өндірісті дамытып, сапалы өнімді қамтамасыз ету арқылы өңір экономикасына үлесін қосуда. Бұл – кәсіпкерлік пен мемлекеттің ынтымақтастығының жарқын мысалы.