Павлодарда сауда үйінде заңсыз пиротехника сатқан
Өңірде «Пиротехника» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 282 рейдтік іс-шара өткізіп, бұйымдарды заңсыз сату фактілерін анықтады.
– Мысалы, сауда үйлерінің бірінде және дүкенде пиротехникалық заттар сатылды. Рұқсат құжаттарынсыз өткізгені үшін иелері жауапкершілікке тартылды, әрқайсысына 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, ал пиротехникалық бұйымдар тәркіленді, – деді департаментте.
Кәсіпкерлер мен сатушыларға кәмелетке толмағандарға өнімді сатуға тыйым салу туралы ескертілді және жарылыс қаупі бар бұйымдарды заңсыз өткізгені үшін жауапкершілік туралы еске салынды.
Тәртіп сақшылары мониторинг пен әлеуметтік желілерді жүргізу барысында кейбір азаматтар пиротехникалық өнімдерді онлайн сататыны анықталады. Сонымен, қала тұрғыны ақпараттық жүйе арқылы пиротехникалық өнімдерді сатумен айналысқан. Жас жігіт айыппұлды отшашуларды сатудан түскен ақшамен төлеуге мәжбүр болды.