Павлодарда сексен аулаға спорт алаңдары орнатылмақ
Бұл кәсіби әрі көпфункционалды спортпен шұғылдануға мүмкіндік бермек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков Олжабай батыр көшесіндегі №9 және №15 үйлердің тұрғындарымен кездесті. Шаһар басшысына тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы өтініш білдірген.
- Кездесу барысында абаттандыру және спорттық тренажерлар орнату мәселелері талқыланды. Ағымдағы жылы қалалық қызметтер қаланың 80 ауласында спорт алаңдарын абаттандыру жұмыстарын бастайды. Неғұрлым кәсіби әрі көпфункционалды спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін, жүктемесі реттелетін жаңа көше тренажерларын орнату жоспарлануда, - деді Хасар Хабылбеков.
Кездесу барысында тұрғындар көтерген мәселе оң шешімін тапты. Биыл абаттандырылатын 80 ауланың қатарына кірген павлодарлықтар қала әкімімен бірге аулада спорт алаңын орналастыратын орынды анықтап үлгерді.
Әкім келесі жылы тағы 50 спорт алаңын орнату жоспарланып отырғанын айтты. Бұл қаланың барлық аулаларындағы спорттық инфрақұрылымға деген қажеттілікті толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram