Павлодар облысының 10 ауданында әуе желілері жаңартылды
Жалпы 12 шақырым әуе желісі қайта құрылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде «Павлодар электржелілік тарату компаниясы» АҚ Павлодар, Тереңкөл, Успен, Железин, Шарбақты, Ертіс, Ақтоғай, Баянауыл, Май, Аққулы аудандары мен Атамекен кентінде әуе желілері жаңартылды. Жоспар бойынша 32 шақырымнан 12 шақырым орындалды.
Бұдан бөлек қалалар мен аудандарда трансформаторлар ауыстырылуда.
– Герметикалық трансформаторлар беріктік пен сенімділікті арттыруға қол жеткізеді. Ал нысандарда шатыр жабындысы профлистке ауыстырылып жатыр, – деді компанияның жөндеу басқармасының бастығы Иван Миронец.
Облыс орталығында 10/0,4 киловат 26 трансформаторлық және жиынтық трансформаторлық шағын станциялардың күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Бұл жабдықтың жалпы тозуын төмендетуге көмектесіп, пайдаланудың экономикалық көрсеткіштерін жақсартады.
Ал Шарбақты ауданында «Маралды» 110/10 киловат шағын станцияларында антенна-мачталық құрылғылар орнатылды. Бұл радиорелелік байланыстың электр желілерінің шығыс кәсіпорны мен Шарбақты электржелістік тарату компаниясы, сондай-ақ «Маралды» шағын станциясының кезекші жұмыскерлері арасындағы телефон байланысының сандық каналын ұйымдастыруға көмектеседі. Бұған қоса, жедел шығу бригадасы апаттық жағдайларды жою барысында диспетчермен үнемі байланыста бола алады.