Павлодарда спортшылар мен жаттықтырушыларға төлемақы мөлшері артты

Бұрын төлемақы мөлшерін әр облыс өзі анықтайтын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Туризм және спорт министрлігі 11 тамыз күні Республикалық Ұлттық құрама командаларының тобына кіретін спортшылар мен жаттықтырушылар үшін ай сайынғы ақшалай қамтамасыз ету мөлшерін бекітті.
Осылайша облыстағы ересек спортшылар олимпиадалық, паралимпиадалық және сурдолимпиадалық ойындарда бірінші орын алғандары үшін 250 АЕК төмен емес, күміс орын үшін 200 АЕК төмен емес және үшінші орын алғаны үшін 150 АЕК. Ал олардың бапкерлері 125 пен 75 АЕК аралығындағы қаржылай сыйақыға ие болады.
Ұлттық спорт түрлері бойынша әлем чемпионатында бірінші орынға жеткені үшін спортшылар 80 АЕК, ал бапкерлер 40 АЕК алады. Екінші орын үшін 70 АЕК спортшыларға, 35 АЕК жаттықтырушыларға. Қола медаль иегерлеріне 60 АЕК, ал бапкерлеріне 30 АЕК төмен емес қаражаттар қарастырылған.
Қабылданған заңнама аясында енді бірреттік төлемақылар жасөспірім санатындағы спортшыларға да берілетін болады. Бұның аясында облыстағы жасөспірім спортшыларымыз олимпиадалық, паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионатында: бірінші орын — 50 АЕК, екінші орын — 40 АЕК, үшінші орын — 30 АЕК. Азия чемпионатында және «Азия балалары» халықаралық ойындарында: бірінші орын үшін - 30 АЕК, екінші орын — 20 АЕК, үшінші орын — 10 АЕК.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметкерлерінің сөзінше қабылданған заңнама аясында спортшыларға жаңа көлемдегі төлемақылар қыркүйек айында беріледі. Қазір барлық деректер жиналып, құжаттамалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
– Бұрын төлемақылар қала әкімдігі бекіткен мөлшерлерме бойынша берілетін. Мысалы, шілде айында 178 спортшы төлемақы алды. Оның ішінде ересек спортшылар және жас спортшылар бар, – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт бөлімінің бас маманы Айгерім Байсалбаева.
Айта, кетейік жүзеге асқан құжат аясында өңір бойынша сыйақы мөлшері өскен. Егер бұрындары Қазақстан Чемпионатында спортшыларымыз бірінші орын алса оларға 40 АЕК берілетін, қабылданған құжат аясында сыйақы мөлшері 60 АЕК дейін көтерілген.