Павлодарда студенттер патриоттық тақырыпта торт безендірді

Павлодарда студенттер патриоттық тақырыпта торт безендірді
Фото: Автор

Шоколад декорында «Отан қалқаны: ұрпаққа ерлік» тақырыбын көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар сервис және тамақтану колледжінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Pavlodar-2025» өңірлік чемпионаты өтті.

Іс-шараның мақсаты– кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту және жұмысшы кәсіптерінің мәртебесін ілгерілету, бүкіл өңір бойынша студенттердің жеке кәсіби тәжірибесін қалыптастыру.

Байқауға қатысушылар бірінші кезеңде кондитерлік өнімдер және шоколад пен кәмпиттің бір түрін жасайды, екінші кезеңде кез келген пішіндегі және мазмұндағы бір «Topforward Cake» тортын дайындайды, үшінші кезеңде мастиканы (марципан және/немесе қант пастасы) қолдана отырып, жұмбақ тапсырма орындауы керек.

–    Қатысушылар жасаған торт және шоколад декорында «Отан қалқаны: ұрпаққа ерлік» тақырыбын көрсетуі керек, – дейді сарапшы Гүлнәз Ахмедянова.

Сонымен қатар, «Topforward Cake» тортын дайындағанда конкурс тақырыбы бойынша жазу немесе сурет салу керек.

–   Байқауға көп дайындалдым, үш жылдан бері қатысып келемін. Бірнеше рет жүлделі орынға ие болдым, – дейді Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжінің студентіРегина Қадырбаева.

Байқаудың қорытындысы мамыр айының соңында жарияланады.

Еске салайық, колледж осы байқаумен бірге «Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде «Қонақ үй ресепшионисті» құзыреті бойынша «WorldSkills Pavlodar – 2025» өңірлік конкурсын өткізді.