Павлодарда суретші-педагогтің көрмесі ашылды

Көрермендердің назарына 60-қа жуық жұмыс ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Н. Нұрмұхамедов атындағы облыстық көркемсурет мұражайында балалар көркемсурет мектебінің педагог-суретшісі Наталья Решетованың «Менің махаббатым» атты көрмесінің тұсаукесері өтті. Ол шығармашыл мұғалім, суретші-декоратор әрі қоршаған әлемді нәзік сезінеді. Оның туындыларының арасында «Қожа Ахмет Яссауи кесенесі», «Гүлденген Қазақстан. Процветающий Казахстан, «Туған дастархан» Отанға, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікке толы қазақтың ұлттық мәдениеті, махаббат, гүлдер, саяхаттар, туған өлке туралы бірқатар жұмыс бар.
Акварельмен жасалған «Жарқын жағажай», «Көңілді жағажай», «Жерорта теңізі», «Қызыл теңіз» жұмыстары бүкіл әлем бойынша әртүрлі сапарлардан әкелінген әсерлер туралы баяндайды. Портреттік-жанрлық картиналарда Олжас Жамиш, Майра Уалиева, Лиза Зяблицева, Виктор Поликарпов, Залина Тарчокова, Алексей Усовтың портреттері бар.
Ол акварель портреттерінің сериясын таңдаған.
– Мен үшін шығармашылық – менің өмірім. Мен бақытты суретшімін, өйткені менің суреттерім бүкіл әлемдегі адамдарды қуантады. Мұнда барлығы – Отан мен кескіндемеге, менің мектептегі жұмысыма, сәндік өнер, поэзияға деген махаббат туралы салынған. Мен шынымен жақсы көретін адамдарды жаздым. Махаббат – өте үлкен және жылы сезім және барлық адам оны сезінгенін қалаймын, – дейді Наталья Решетова.
Мектеп басшысының орынбасары Инна Владиславовна ол жарқын қиял мен эмоционалды күшке ие бола отырып, өз оқушыларын шығармашылыққа бағыттайтынын, өзінің рухани жұмыстарымен оларды жарқын бейнелерді ойластырып жасауға шабыттандыратынын айтады.
– Жеке мысалмен балаларды өмірлік құндылықтар, сезімдер туралы ойлауға үйретеді, – дейді ол.
Суретші өзінің шығармашылығы арқылы бейнелеу өнеріне, балаларға, отбасына және жалпы өмірге деген сүйіспеншілігін білдірген.