Павлодарда Түрік профессоры студенттерге екі елдің тарихы жайлы дәріс оқиды
Болашақ ұстаздар шетелдік тарихшыдан алған білімдерін мектепте ғана емес, ғылыми-зерттеу жұмыстарына да пайдалана алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетіне Токат Газиосманпаша университеті тарих факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор Alpaslan Demir іс-сапармен келді. Түрік профессоры Марғұлан университеті «Тарих» білім беру бағдарламасында оқитын студенттер, магистранттар мен докторанттарға дәріс оқитын болады.
– Біздің білім алушылар шетелдік тарихшының сабағынан Осман империясының тарихы мен түркі халықтарының өткені туралы маңызды мәліметтер алады. Түбі бір туысқан елдердің тарихын оқу, оны қазақ елінің тарихымен ұштастыра отырып, сіңіру бүгінгі ұрпақ үшін айрықша маңызға ие. Студенттер Түркия Республикасының заманауи білім беру жүйесімен де танысады, – деді ЖОО-да.
Айта кетейік, қараша айының басында Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Түркия еліне арнайы барып, Тоқат Газиосманпаша мемлекеттік университетінің басшылығымен «Тарих» және «Шетел тілі» мамандықтары бойынша қос дипломды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол қойды.