Павлодарда тағы бір бау-бақшадан өрт шықты
Белгілі болғандай, онда металь вагон отқа оранған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 101 пультіне «Здоровье» бау-бақшасында уақытша ескі баспананың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жіберіліп, олар жедел түрде дөңгелек резеңкелерді, шатырдың ағаш құрылымдары мен металь вагонда орын алған өртті жедел түрде жойды.
Сонымен қатар өрт сөндірушілер екі газ баллонын оқиға орнынан шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.
Мамандардың жеделдігі мен үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде тілсіз жаудың көрші саяжайларға таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Павлодар облысы ТЖД тұрғындарды өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады. Мұнда электр желілерін шамадан тыс жүктемеу, ашық от көздерін қараусыз қалдырмау және ықтимал қауіпті факторларды уақтылы жою.