Павлодарда тамақ пісірген ер адам құтқарушыларды әбігер қылды
Оқиға орнына 3-ӨСБ, 4-ӨСБ күштері мен құралдары тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, барлығы 16 қызметкер және төрт техника жұмылдырылды.
– Амангелді көшесіндегі көпқабатты үйде жанған иіс шыққаны туралы хабарлама түсті. Жедел келген өрт сөндірушілер барлау және пәтерді аралау кезінде пәтерлердің бірінде иесі пеш үстінде тамақ қалдырып, ұйықтап қалғаны анықталды, – деді департаментте.
Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша жауапқа тартылды. Ведомствода өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.