Павлодарда түнде жоғалған үш бала табылды

Қала тұрғыны кәмелетке толмағандарды көшеде байқап, көмек ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
20 тамызда полиция кезекші бөліміне үш кәмелетке толмаған баланың серуеннен кейін үйіне оралмағаны туралы хабарлама түсті. Осыған байланысты Павлодар қалалық полиция басқармасының барлық жеке құрамы іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында сағат 01:30 шамасында балаларды қала тұрғыны тауып алды. Ол оларды көшеде байқап, тоқтап көмек ұсынған. Балалар үйге қайту қажет екенін айтқан соң, ер адам оларды көлікпен жеткізіп, полиция қызметкерлеріне және ата-аналарына табыстады.
Ата-аналар полицияға және көмек көрсеткен бейжай қарамаған павлодарлық тұрғынға алғыстарын білдірді.