Павлодарда жол учаскесі уақытша жабылады

Павлодарда жол учаскесі уақытша жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 маусым күні сағат 5:00-ден 22:00-ге дейін «Ак.Сәтбаев көшесінің бойымен Қайырбаев көшесінен Исиналиев көшесіне дейінгі аралықтағы ауызсу құбырын қайта жаңғырту» жобасы бойынша жер қазу жұмыстарына байланысты Ак.Сәтбаев – Қайырбаев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

ТҮИКШ бөлімі қала тұрғындарынан маршрутты алдын ала жоспарлауды және келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.