Павлодарда зейнеткердің 10 жылға жуық еңбек өтілі үшін төлемдер қайтарылды
Соның салдарынан тұрғынның зейнетақы жарналары төмен болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Зейнеткер Павлодар қаласының прокуратурасына облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің әрекетімен келіспеу мәселесі бойынша жүгінген.
– Уәкілетті орган өтініш берушіге 1989-1998 жылдар аралығындағы жеңілдетілген еңбек өтілін есептемегені анықталды. Бұл оның зейнетақы төлемдерінің көлеміне әсер етті, – деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметінде.
Қадағалау актісіне сәйкес еңбек өтілі ескеріліп, зейнетақы жарналарының мөлшері көбейіп, қарт адамның конституциялық құқығы қорғалып, кінәлі тұлға жазаланды.