Павлодарда «Жігіт сұлтаны-2026» байқауы өтеді

Павлодарда «Жігіт сұлтаны-2026» байқауы өтеді
Фото: Есенжол Исабек

Мега жобаның іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының мәлімдеуінше, додаға рухы биік, білімді, білекті, өнерлі жігіттер шақырылады.

– Байқауға Павлодар облысының қала, аудан, ауылдарынан 18–35 жас аралығындағы белсенді, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін ер азаматтар қатыса алады. Кастинг 13 және 16-мамыр күндері «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында өтеді.   Іріктеу кезеңінде үміткерлер «Таныстыру», «Өнер көрсету», «Салт-дәстүр, тарих тақырыптарынан сұрақ-жауап», «24 келілік кір тасын көтеру» сияқты 4 кезең бойынша бақ сынайды. Ақтық сынға ең үздік 12 үміткер жолдама алады, - делінген хабарламада.

Шара «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы мен Шарбақты ауданының әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді

Айта кетелік, іріктеуге қатысу туралы өтінімдер 11 мамырға дейін 8-775-889-21-22 телефон нөмірі арқылы қабылданады.