Павлодарда жүргізушінің жол ережесін бұзған сәті видеоға түсіп қалған

Павлодарда жүргізушінің жол ережесін бұзған сәті видеоға түсіп қалған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары жол ережесін бұзу мен өзге де қылмыстың алдын алу мақсатында әлеуметтік желілерге ждиі мониторниг жүргізіп келеді. Осындай тексеру кезінде Н.Назарбаев – Торайғыров көшелерінің қиылысында болған бұзушылық белгілі болды. Жарияланған кадрларда Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі жол белгісінің талабын сақтамаған.

– Құқық қорғау органдары автокөлік жүргізушісінің жеке басын жедел анықтады. Жол белгілерімен немесе жүріс бөлігінің таңбаларымен белгіленген талаптарды сақтамау фактісі бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал толтырылды, – делінген хабарламада. 

Тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін елемеудің кез келген жағдайы апатты жағдайдың туындауына әкелуі мүмкін екенін ескертеді.  Жолдағы қауіпсіздік әрбір жүргізушінің жауапкершілігіне тікелей байланысты. Жол қозғалысы ережелерін сақтау қауіпті жағдайлардың алдын алып, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.