Павлодарда жаңа IT-хаб ашылуы мүмкін

Павлодарда жаңа IT-хаб ашылуы мүмкін
Фото: pexels.com

Хабты орналастыратын ғимарат табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста IT-қауымдастықтарды қалыптастыру және дамыту тақырыптары қозғалды. Премьер-Министрдің 2023 жылғы 26 қаңтарындағы тапсырмасын орындау мақсатында Astana Hub үлгісі бойынша өңірлік IT-хабтарды ашу және қолдау бойынша жұмыс жүргізілуде. 

– Бүгінгі таңда жалпы ауданы 700 шаршы метрден асатын ИНеУ университетінің кітапханасы базасында IT-хаб ашу мәселесі талқылануда. Жобалық-смета құжаттама әзірлеу және жабдықтармен жарақтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деді облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ағыбай Әмірин.

Облыс әкімі Асайын Байханов цифрлық технологиялар басқармасына 20 желтоқсанға дейін облыс бойынша Astana Hub өңірлік менеджерімен бірлесіп, елді мекендерде IT-хабтарды ашу бойынша бірлескен жоспар құруды тапсырды.

Хабтардың негізгі мақсаты – тренингтер, курстар және стартап-жобалар арқылы технологиялық кәсіпкерлікті насихаттау және дамыту.